Экс-әкімді соттап жатыр
Экс-әкімді соттап жатыр
© коллаж: Еркебұлан Дүйсеболатов
185
оқылды
Сот елдегі жағдайға бай­ланысты онлайн режимде бас­талды. «5 тамыз күні Қызыл­орда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты қылмыстық іс түскен. Аталған іспен сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-тармағы, 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Қазір сот ісі қаралу ба­рысында», – деді Қызылорда облыстық сотының баспасөз хатшысы Ардақ Ысмағанбетова. Айта кетейік, 53 жастағы бұрынғы әкім алты ай бұрын қамау­ға алынған. Судья ше­неу­нікті абақтыға емес, үй­қамаққа жабу туралы шешім шығарыпты. Алаяқтық жасады деген Ысқақовпен бірге оның екі орынбасары, ең жақын көмекшісі және тағы бір кәсіпкер тұтқындалды деген ақпарат таралған. Десек те, соңғылары туралы ресми мәлімет жоқ. Бейресми мәліметтерге сәй­кес, экс-әкім халықтың Арыс тұрғындарына жинап берген ақшасын жеп қойған көрінеді. Сот отырысы тағы бір айға созылды.  

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы