Өзбекстанның көлік министрлігі қыркүйекте Қазақстанмен тұрақты әуе байланысын қалпына келтіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайдыі РИА Новости.
"Қыркүйектен бастап Түркия, БАӘ, Беларусь және Қазақстан Республикасымен тұрақты рейстерді қалпына келтіру мәселесі қаралады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 17 тамыздан Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларуське, Германияға, Нидерландыға, Мысырға, Украинаға және Ресейге ұшуға рұқсат берілген еді.