«Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы түтін мен ыстың себебін Целиноград ауданындағы қоқыс полигонының өртенуімен түсіндірді. «Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Целиноград ауданында Тайтөбе ауылынан 5 шақырым жерде қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Өрт аумағы 250 шаршы метрді шарпыған. Елордада желсіз, жауынсыз тымық ауа райы болғандықтан, аспанда инверсиялық қабат пайда болды», - делінген хабарламада.
«Қазгидромет» РМК бақылау бекеттерінің дерегінше, 28-29 тамыз күндері ауадағы шекті жол берілген норма артқан.
Елордада ауаның жай-күйі 10 бекетте бақыланады, оның 4 бекетінде деректер қолмен сұрыпталады, 6 бекеті - автоматты түрде жұмыс істейді.