Зообақтың кіреберісінде дезинфекциялау заттары, антисептиктер орналасқан бөлме бар, сондай-ақ келушілердің арақашықтығын сақтайтын белгілер де орнатылған.
Еске сала кетсек, Алматы зообағы карантин кезінде онлайн режимде жұмыс істеді. Зообақ қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы ондағы жан-жануарлар карантин режимінде қалай өмір сүріп жатқандығы туралы айтып отырды. Бір айға жуық уақыт ішінде зообақ қызметшілері ұйымдастырған тікелей эфирді жарты миллионнан астам адам көрген.