Ақтөбе облысында Yamaha мотоциклі жылқыға соқтығысып, 17 жастағы жүргізуші жігіт пен 18 жастағы жолаушы қыз қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Қайғылы оқиға 29 тамызда Ақтөбе - Солтүстік айналма автожолында Ақшат ауылы маңында болған.
Жасөспірім жігіттің мотоцикл айдау куәлігі болмаған. Ол жылдамдықты төмендете алмай, жылқыны соққан.
Апат салдарынан жігіт пен қыз оқиға орнында қаза тапты.