Атбасарда жоғалып кеткен сәби табылды
Атбасарда жоғалып кеткен сәби табылды
фото: ашық дереккөз
463
оқылды
Атбасарда анасынан адасып қалған 1,5 жастан асқан бала табылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаменті. Ведомствоның мәліметінше, тамыздың 29-да кешкі сағат 21:30 Атбасар аудандық полицияның кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, сағат 20:00 шамасында саяжайда жасы 1 жыл 9 ай болған баласының жоғалғанын айтқан. Анасының сөзінше, ата-анасы бір жарым сағат бойы баланы өздері іздеген. Алайда, одан еш нәтиже шықпаған соң полицияның көмегіне жүгінген. «Тәртіп сақшылары бірден баланы іздеуге кірісті. Бұған төтенше жағдайлар қызметкерлері, волонтерлер және қоғам өкілдері жұмылдырылды. Нәтижесінде араға бір сағат салып, полиция капитаны Медет Исабеков пен полиция майоры Жаслан Смағұлов адасқан баланы жол бойынан тауып, ата-анасына тапсырды. Ата-анасы баласын іздеуге көмектескен полиция қызметкерлері мен құтқаршыларға, волонтерлері мен қоғам өкілдеріне алғысын білдірді», - дейді