Түркістан облысында жол жиегінен табылған екі жасар қыз бала анасына табысталды
Түркістан облысында жол жиегінен табылған екі жасар қыз бала анасына табысталды
189
оқылды
Сарыағаш ауданда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы, полиция лейтенанты Палходжаев Берік жол бойында жалғыз өзі жүрген 2 жас шамасындағы қыз баланы тауып алды, деп хабарлайды Облыстық ПД баспасөз қызметі. Полицей бүлдіршіннің ата-анасын анықтау мақсатында шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде балақайдың анасын тауып, аман-есен қолына тапсырды. 2 жастағы баланың ата-анасы Түркістан облысы полиция департаментіне шексіз алғысын білдірді. Тексеру барысында анықталғандай, анасы үй шаруаларымен айналысып жүрген кезінде қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. Сонымен қатар, қыздың ата-анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.