Әбу-Дабиде жарылыс болды
Әбу-Дабиде жарылыс болды
191
оқылды
Дүйсенбі күні Әбу-Дабидегі мейрамханалардың бірінде жарылыс болды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Khaleej Times газеті электрондық нұсқасында мәлім еткендей, оқыс оқиға газ баллонының жарылуы салдарынан болуы мүмкін. Басылымның атап өтуінше, келеңсіз жағдай орын алған көше жабық: зардап шегушілер алғашқы көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілген.