Алматыда карантин жеңілдетілді
Алматыда карантин жеңілдетілді
© сурет интернеттен алынды
5,215
оқылды
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы шектеу шараларын жеңілдету туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сонымен шектеу шаралары мына нысандарда жеңілдетілді:
- мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке және топ дайындықтары), кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат етілген;
- белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) қызметіне рұқсат етілген; -ұлттық парктерге, танымал туристік және тау объектілеріне (Медеу, Шымбұлақ, Бутаковка, Алма-Арасан, радон көзі және т. б.) жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдастырылған топтармен бетперде режимін және кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі; - балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі, бір топ бес адамнан аспауі тиіс, алдын ала жазылу бойынша және талаптарды сақтау керек; - 5-тен 180 адамға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектепалды даярлық сыныптарында білім алушыларға арналған білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптар және 1-2 сыныптар 15 баладан аспайтын жағдайда ата-аналардың өтініші бойынша жұмыс істейді; - бір адамға бес шаршы метр су есебімен алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметіне рұқсат етілген; - бес адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне рұқсат етіледі; - жиналыстарды (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге рұқсат етіледі (оларды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда); - Бөбек "Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының" қызметіне рұқсат берілді"; - арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, ХҚО жұмысы талаптарды сақтай отырып, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, алдын ала жазылу бойынша ұйымдастырылады.
Жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық тамақтану объектілері сағат 9:00-ден 23:00-ге дейінгі жұмыс істейді, отыратын орын саны іште 30-дан, ал ашық ауада 50-ден аспауы тиіс. Тамақ жеткізу қызметіне жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері 9:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі. Демалыс және мереке күндері еңбек заңнамасына сәйкес мынадай шектеу шаралары енгізіледі: - азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады; - азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың жұмысы тоқтатылады; - сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің жұмысы тоқтатылады; - фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, жаттығу залдарының, спорт кешендерінің жұмысы тоқтатылады; - сауналардың жұмысы тоқтатылады; - ашық ауада аттракциондардың жұмысы тоқтатылады; - діни нысандардың қызметі тоқтатылады.