Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфир арқылы көрсетіледі
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфир арқылы көрсетіледі
© Ақорда
207
оқылды
1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Ертең, яғни, 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады", -деп жазды ол.