Синоптиктер 1-3 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауады.
"Күздің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, температуралық фон 23...36 жылы шамасында болады. Аптаның ортасында республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Найзағаймен жауын-шашын екпінді желмен бірге жүреді, бұршақ түсуі және ауа температурасы төмендеуі мүмкін, елдің солтүстік жартысында 17...28 жылыға дейін", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.