Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметкерлерді қысқартуға қатысты пікір білдірді.
"Мемлекеттік қызметкерлерді 25% қысқартып, үнемделген қаражатты жалақыны көтеруге жұмсау - ең алдымен тиімділік үшін қажет. Бұл жалпы жұмыстың да, қызметкердің де тиімді әрі нәтижелі болуына тікелей әсер ететін шешім. Пандемия көрсеткендей сан мен сапа мәселесі біздің жүйеде нақтылықты қажет етеді", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.