Ата-аналардың сұрауы бойынша балабақшаларға балалардың 18,7% барады
Ата-аналардың сұрауы бойынша балабақшаларға балалардың 18,7% барады
© сурет интернеттен алынды
237
оқылды
Ата-аналардың сұрауы бойынша балабақшаларға балалардың жалпы санының 18,7 пайызы барады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
«Еліміз бойынша мектепке дейінгі біліммен 900 мыңға жуық бала қамтылған. Карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналардың қалауы бойынша балабақшаларға балалардың жалпы санының 18,7 пайызы барады», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде елімізде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 15 709 кезекші топ жұмыс істейді.