Жаңа оқу жылында 3,3 млн оқушы мектепке барады
Жаңа оқу жылында 3,3 млн оқушы мектепке барады
589
оқылды
Жаңа 2020-2021 оқу жылында 3,3 млн қазақстандық оқушы, 466 мың колледж студенті және 600 мыңнан астам жоғары оқу орындарының студенті білім алады. Санитарлық дәрігерлердің талаптарына сәйкес карантиндік шектеулер жағдайында жаңа оқу жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты әртүрлі форматта басталады.   width= Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданды, олардың шамамен 75%-ы 6 жасқа толған бүлдіршіндер. Дегенмен, ата-аналардың шешімі бойынша күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толатын 11 мыңға жуық бала мектеп оқушысы атанды. Мектептерде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бір сыныпта 15 оқушыдан артық болмауы тиіс.  width= Жаңа оқу жылында бастауыш сыныптарда бір миллионнан астам бала оқиды, олардың 60%-ы ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері бойынша мектептерде, кезекші сыныптарда станитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып оқуды бастады.  width= Айта кетейік, елімізде 7 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. Олардың 3 мыңға жуығында 1-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқуды бастады. Негізінен, бұл шалғайдағы шағын жинақталған мектептер, олардың әрқайсысында 180-нен астам бала бар. Тиісті шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдады. Шамамен 2,6 млн оқушы жаңа оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастады. Олар отандық білім беру платформаларын пайдалана отырып, қашықтан оқитын болады. «Балапан» және «Ел Арна» республикалық телеарналары педагогтердің тілектері бойынша қосымша құрал ретінде пайдаланылатын телесабақтарды тарататын болады. Биыл Қазақстан бойынша жаңадан 32 мектеп ашылды, жыл соңына дейін тағы 77 білім беру ұйымы пайдалануға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар оқушыларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оларға мектеп компьютерлері мен роутерлерді уақытша пайдалануға берді. Жаңа оқу жылында мектептерде 10 258 жас маман жұмысқа орналасты.   Мұғалімдердің жалақысы, студенттердің шәкіртақысы қанша? Бакалавриатта оқитын студенттердің шәкіртақысы − 26 186 теңге. Ал егер педагогикалық мамандықта оқитындар үшін шәкіртақы − 42 000 теңге. Айта кетерлігі, аталған мамандыққа түсу үшін ҰБТ-дан 70 балдан жоғары балл жинау керек. Биыл 8000-нан астам грант педагогикалық бағытқа бөлінген. Осы ретте, докторантура шәкіртақысы − 102 498 теңге болса, колледжде оқитындардың шәкіртақысы − 20 948 теңге.  width= Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығындағы мәлімет бойынша Ranking.kz таратқан ақпаратқа сәйкес педагогтардың орташа жалақысы − 154 600 теңге. Өткен жылмен салыстырғанда жалақының өсуі 40,6%-ды құраған. Былтыр орташа жалақы 110 мың теңгеден аз болған екен.  width= Мектепке дейінгі білім беретін мамандардың орташа жалақысы – 90 300 теңге. Мектепте жұмыс істейтін педагогтар мен басқа да мамандардың орташа жалақысы − 137 740 теңге. Орта кәсіптік білім беру саласындағы орташа жалақы – 171 800 теңге, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  40,2%-ға артқан. ЖОО-дағы жалақы − 190 900 теңге. Айта кетерлігі, ресми ақпарат бойынша өзге салалардағы орташа айылық − 200 мың теңге.

Еркежан АЙТҚАЗЫ