Ата-аналар балабақшаны өздері таңдайтын болады
Ата-аналар балабақшаны өздері таңдайтын болады
© сурет интернеттен алынды
5,184
оқылды
Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов болашақта ата-аналар балабақшаны өздері таңдайтынын хабарлады. Бұл туралы ол Facebook-тегі  парақшасында жазды.
«Енді мемлекеттік тапсырыстың кімге берілетінін білім басқармалары мен бөлімдер анықтамайды. Балабақшаға жолдама алған ата-аналар мектепке дейінгі мекемені өздері таңдайды», - делінген министр хабарламасында.
Бұл ретте министр мұндай мүмкіндік Мемлекет басшысының Жолдауы аясында мүмкін болып отырғанын айтты.