Nur Otan праймеризіне Ақтөбеден 486 адам тіркелді
Nur Otan праймеризіне Ақтөбеден 486 адам тіркелді
5,222
оқылды
Ақтөбеден 486 адам бақ сынауға бел буып отыр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов брифингте айтты. Оның айтуынша, тіркелген үміткерлердің 35,8 пайызы (174-і) – әйелдер, 29 пайызы (141) – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 221 азамат ұсынылса, өзін-өзі ұсынушылар – 265 адам. Праймеризге қатысуға Ақтөбе қаласы, Мұғалжар, Хромтау, Шалқар, Алға аудандары ерекше белсенділік танытқан. Ербол Данағұлов ақтөбеліктерді алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен таныстырып, жоспарларымен бөлісті. Үміткерлер 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін үгіт-насихат науқанына дайындалып, 7 қыркүйектен бастап үгіт жүргізуге кіріседі. Оның ішінде 25 жерде жария пікірсайыстар өткізу қарастырылған. Оған қатысу барлық үміткерлерге міндетті.
 –Үміткерлер бірінші кезеңде нақты елді мекендердің мәселелерін шешу бойынша өз көзқарасын таныстырады. Яғни, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді ашық көтеріп, нақты шешімдер ұсынуы тиіс. Екінші кезеңде «сұрақ-жауап» форматында пікірсайыс сессиясы өтеді. Пікірсайыстардың жалпы ұзақтығы 90 минуттан аспайды, – деп Ербол Данағұлов жария пікірсайыстарды өткізу тәртібін айтып өтті.
Партияішілік сайлауда адамдардың қауіпсіздігі басты орынға қойылған. Үміткерлердің жария пікірсайыстары, партия мүшелерімен кездесулері кем дегенде 2 метр арақашықтықты сақтай отырып өтеді. Сондай-ақ кездесулерді көбіне ашық алаңда, ал пікірсайыстарды онлайн форматта ұйымдастыру қарастырылған.  width= 1-3 қазан аралығында облыстағы 33 мыңнан астам партия мүшесінің дауыс беруі үшін 136 дауыс беру учаскелері белгіленіпті. Оның интернет байланысына қосылмаған 42 участокта дәстүрлі бюллетеньмен, 94 участокта онлайн дауыс беру жоспарланып отыр. – Бүгіннен бастап үміткерлермен кездесу ұйымдастырып, үгіт-насихат жұмыстары туралы жан-жақты ақпарат беруді бастадық. Үміткерлеріміз шетінен білімді, белсенді, өз күшіне сенімді. Бастысы еліміздің дамуына мүдделі. Біз оларға тең мүмкіндік беріп, адал, ашық түрде бақ сынауларына бар жағдайды жасаймыз, – деді Ербол Данағұлов. Айта кету керек, партияішілік сайлауға еліміз бойынша 10 990 адам