Алматыда 9 жасар баланың жоғалуына қатысты мән-жай белгілі болды
Алматыда 9 жасар баланың жоғалуына қатысты мән-жай  белгілі болды
© сурет интернеттен алынды
310
оқылды
Алматы полициясы 9 жастағы Месут Мырзақұловтың табылғанын хабарлады. Анықталғандай, полиция баланы өзінің бұрынғы көршісі әрі досының үйінен тапты. Ол досымен ойнап кетіп, кеш болған соң сол үйде қонып қалған.
«Месут досына қонаққа барған. Атасы мен әжесіне сол үйде екенін айтқан. Кеш болып кеткендіктен сол үйге қонған. Баланың ісін шалалық деуге де болады. Бірақ түнімен баланы полиция мен кинологтар іздеді. Таңертең іздеу шараларына мұғалімдер мен еріктілер қосылды. Баланың дін аман табылғанына қуаныштымыз», - деді қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Полиция қызметкерлері баланы анасына тапсырды. Месуттың отбасында өзінен кейін қарындасы бар. Естеріңізге сала кетейік, баланың жоғалғаны туралы бүгін хабарлаған болатынбыз.