Қазақстандықтардың зейнетке шығу жасы төмендей ме?
Қазақстандықтардың зейнетке шығу жасы төмендей ме?
© сурет интернеттен алынды
203
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейетке шығу жасын төмендетуге қатысты қойылған сұраққа жауап берді.
«Қазіргі кезде зейнетке шығу жасын азайтуды қайта қарастыру мәселесі талқыланып отырған жоқ. Бүгінде зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне байланған. Еңбек қызметі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы мен кепілдендірілген базалық зейнетақы, сондай-ақ жинақтық құрамдауыш бар»,- деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, қордағы зейнетақы жинағын халық табысын арттыру арқылы ұлғайту көзделіп отыр.
«Осы жағдайда халықтың табысын, лайықты жинақты арттыру мақсаты тұр. Мұнымен қоса, жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру мен қордағы біздің азаматтардың зейнетақы активтерінің кірісін арттыруға екпін қойылып отыр», - деді Б. Нұрымбетов.