Алматыда өткен айда автобустарда маска режимінің сақталуын бейнебақылау камералары арқылы қадағалайтын пилоттық жоба іске асырылды. Осы аралықта 2 маршруттың 4 автобусына 8 камера орнатылды (№120 және №63).
Нәтижесінде 1773 жолаушы маска режимін бұзған, оның ішінде 1106 адам маскасыз жүрген, 667 адам масканы дұрыс тақпаған. Жұмыс барысында 1 жүргізуші жұмыстан шығарылып, 3 жүргізушіге сөгіс жарияланды.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін Алматы қаласы «Көлік холдингі» ЖШС мен «Қазақтелеком» АҚ арасында 8 маршруттың 32 автобусына қосымша камералар орнату туралы келісім жасалды.
ТП №25
ТП №7
№205
№137
№37
№69
№38
№63
Жобаны іске асыру кезінде келесі әрекеттер жүзеге асырылды: маска режимін бұзған жолаушы туралы белгі ОДБ диспетчеріне келіп түседі. Ол бірден автобус жүргізушісіне хабар береді. Жүргізуші көлікті тоқтатып, жолаушыға маска киюді немесе салоннан шығуды ұсынады.