Ол Елбасы кітапханасы ұйымдастырған дәстүрлі ІV Абай оқулары әдебиет сайысында жүлделі 2-орынға ие болды.
Сайыс ұлы ойшыл, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың шығармашылығын дәріптеу мақсатында әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.
Талап бойынша үміткер ақынның кез келген өлеңін жатқа оқып, оны Instagram, Facebook әлеуметтік желісіне #ЕлбасыКітапханасыАбай #АбайдыОқимыз175 #БиблиотекаЕлбасыАбай #читаемАбая175 хештегімен жариялауы керек.
«Әдеби сайыс жайлы ұстазым Айгүл Бақдәулетқызынан естідім. Абай атамыздың мерейтойына оның шығармаларын насихаттау арқылы үлес қосуды көздеп қатысуға бел будым. Ақынның қай өлеңін алып қарасақ та, тағылым мен тәрбиеге тұнып тұр. Дегенмен байқауда ойшылдың 1902 жылы жазған «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас» атты өлеңін жатқа оқыдым. Бұл туындының әрбір тармағында терең философиялық мағына жатыр, сондай-ақ бірқатар маңызды құндылықтар жөнінде айтылады», -дейді Әлсана Смаилова.
Әдеби байқауға мыңнан аса адам қатысқан. Өз өнерін сынауға ниет білдіргендердің арасында елімізден бөлек шет мемлекеттен де өтініш білдіргендер бар.