Батыста коронавирус дерті өрши бастады
Батыста коронавирус дерті өрши бастады
178
оқылды
Коронавирус инфек­ция­сының пайда болуына және та­ралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қазақстанда 3 қыркүйектегі жағдай бойынша 1 тәулікте ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен КВИ-і бар 88 сырқат және теріс нәтижелі КВИ-ге шалдыққан (коронавирус ны­шанды пневмония) 571 ауру тіркелді. 33 адам симптомсыз сырқат есебінде. Бұл екі түрі сал­дарынан бір тәулікте жалпы саны 12 адам қаза тапты. Ал БҚО-да өткен тәулікте 8 жаңа науқас анықталған, оның төртеуінен вирус табылғанымен, клиникалық ауру белгілері байқалмаған. Қазіргі уақытта республикада коронавирус инфекциясынан 6 459 адам емделуін жал­ғастыруда. Олардың ара­сында 34 жасөскін бала бар. Ста­ционар-ауруханаларда 3 196 нау­қас жатыр. 3 263 адам үй­лерінде амбулаториялық жағ­дайда ем қабылдауда. Барлық сырқат арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы өте ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппа­ратында жатыр. Тұтастай алғанда, Қазақ­станда 106 032 адам коронавирус инфекциясына душар болды. Соның 97 967-сі жазылып шықты деп есептеледі. COVID-19 ке­сірінен 1 588 қазақстандық қайтыс болды.  

Е.ЕРДЕН