Семинар-кеңес бағдарламасына сәйкес кандидаттарға: үгіт жүргізу кезеңіне дайындық; кандидаттың үгіт жүргізу кезеңіне арналған жеке сайлауалды бағдарламасын жасақтау; жария пікірсайыс ережесі және дайындық бойынша ақпарат берілді.
Өз кезегінде облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев праймериздің тіркелу кезеңінің аяқталғаны жөнінде хабарлама жасап, тіркеуден өткен кандидаттарды құттықтады.
– Қорытындысы бойынша, Атырау облысы партияішілік іріктеу – праймеризге 408 адам ұсынылып, оның 404-і кандидат ретінде тіркелді (99 пайыз). Оның ішінде 34,7 пайызы – әйелдер (140 адам), 37 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар (149 адам). Бастауыш партия ұйымдарынан 114 (28,3 пайыз) адам ұсынылған болса, қалған 289 (71,7 пайыз) адам – өзін-өзі ұсынушылар. Сонымен қатар 4 көпбалалы ана, 7 ерекше қажеттілігі бар адам тіркелді. Қуантатын жайт – әйел азаматтар мен жастардың көптеп тіркелгені. Үгіт компаниясы қорытындысымен қыркүйекте жарияланатын облыс бойынша бесжылдық 9 жергілікті бағдарламалардың жобалары азаматтардың ұсыныс-пікірлерімен толықтырылатын болады, – деп атап өтті Нұрлыбек Ожаев.
Партия филиалы жанынан құрылған «Саясаттанушылар орталығының» мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы С.Сапанов «үгіт жүргізу кезеңіне дайындық, әр кандидаттың жеке бағдарламасының құрылымы қандай болуы қажет?» деген сұрақтар бойынша баяндама жасады.
Семинар-кеңестің екінші бөлімі еркін форматта өтті. Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары А.Азаматов «Дебат және көпшілік алдында сөз сөйлеу» тақырыбында тренинг өткізді. Кандидаттар тарапынан праймеризге деген қызығушылық семинар-кеңес барысында айқын көрінді. Тренинг кезінде мемлекеттік тіл мәртебесінің үстемдігі қызу талқыға салынып, кандидаттар өз пікірлерін білдіріп, белсенділікпен атсалысты.
Семинар-кеңес дебатқа қатысушыларға арналған жеребе тарту рәсімімен қорытындыланды. Аталған іс-шара үгіт жүргізу кезеңіне дейін 7 ауданда өтеді.