Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің No59 жарлығына сәйкес алдағы демалыс күндері Алматыда қайтадан қосымша карантиндік шектеулер күшіне енеді.
Құжатта Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндері Алматыда келесі шектеу шараларын енгізу көзделген:
- азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
- азық-түлікке жатпайтын және азық-түлікке жататын жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
- сұлулық салондарының, шаштараз салондарының, курорттық орталықтардың, косметикалық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын тоқтата тұру;
- фитнес орталықтары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, спорт залдарының, спорт кешендерінің жұмысын тоқтата тұру;
- сауналардың жұмысын тоқтата тұру;
- ашық аттракциондарды тоқтата тұру.
Сондай-ақ, қоғамдық көлік пен метроның жұмысы тоқтатылады.
Бір күн бұрын Бекшин Алматыдағы карантиндік шаралардың жұмсартылатынын мәлімдеген, сонымен қатар Алматыда кинотеатрлардың ашылуы үшін қойылатын бірқатар талаптарды жариялады.