Зейнетақы жинағы: кім қанша ала алады?
Зейнетақы жинағы: кім қанша ала алады?
© сурет интернеттен алынды
275
оқылды
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алады. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел азаматтарының зейнетақы жинақтарын пайдалануы үшін «жеткіліктілік шегін» жариялады. Жеткіліктілік шегі мөлшерін алдын ала есептеу әртүрлі жастағы адамдар үшін мынадай болады: 20 жас 1 млн 720 мың, 21 жас 1 млн 795 мың, 22 жас 1 млн 871 мың, 23 жас 1 млн 948 мың, 24 жас 2 млн 026 мың, 25 жас 2 млн 105 мың, 26 жас 2 млн 185 мың, 27 жас 2 млн 267 мың, 28 жас 2 млн 349 мың, 29 жас 2 млн 433 мың, 30 жас 2 млн 518 мың, 31 жас 2 млн 604 мың, 32 жас 2 млн 691 мың, 33 жас 2 млн 780 мың, 34 жас 2 млн 810 мың, 35 жас 2 млн 961 мың, 36 жас 3 млн 053 мың, 37 жас 3 млн 147 мың, 38 жас 3 млн 242 мың, 39 жас 3 млн 339 мың, 40 жас 3 млн 437 мың, 41 жас 3 млн 536 мың, 42 жас 3 млн 636 мың, 43 жас 3 млн 739 мың, 44 жас 3 млн 842 мың, 45 жас 3 млн 947 мың, 46 жас 4 млн 054 мың, 47 жас 4 млн 162 мың, 48 жас 4 млн 271 мың, 49 жас 4 млн 383 мың, 50 жас 4 млн 495 мың, 51 жас 4 млн 610 мың, 52 жас 4 млн 726 мың, 53 жас 4 млн 843 мың, 54 жас 4 млн 963 мың, 55 жас 5 млн 084 мың, 56 жас 5 млн 207 мың, 57 жас 5 млн 331 мың, 5 8 жас 5 млн 457 мың, 59 жас (және одан жоғары) 5 млн 586 мың теңге. «Жеткіліктілік шегі» - белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы, ол кірістен БЖЗҚ-ға (ЕТЖ-дан төмен емес) болашақтағы тұрақты 10 пайыз зейнатақы жарналарын ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшерінде 82 жасқа дейінгі зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану құқығы 2021 жылдан бастап берілетін болады. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу немесе қаржы компанияларына басқаруға беру үшін алынуы мүмкін. Егер мақсатты пайдалануға қажет болса, отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.