Заңсыз құрылыс жұмыстары тоқтатылды
Заңсыз құрылыс жұмыстары тоқтатылды
243
оқылды
Өз кезегінде әл-Фараби ауда­нының тұрғыны Бану Көпбаева №8 мектеп маңында заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар мен оқушыларға қолайсыздық тудырып жатқанын айтты. – Мен бұл жайтқа қанықпын. Аудан әкімімен өткен аптада аталған мекенжайға барып, мәселемен танысқан болатынмын. Қазіргі таңда жерді қала қажеттілігі үшін мем­лекеттік меншікке қайтару жөнінде қаулы шығардым. Бұған ендігі алаң­дауға негіз жоқ. Құрылыстың тоқ­тауын өз бақылауыма алғанмын, – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов. Бұдан өзге қабылдауда тұрғындар негізінен тұрғын үй және ойын алаңшалары жөнінде мәселе қозғады. Мәселен, әл-Фараби ауданы «Спорт» шағынауданының тұрғыны Данагүл Қобланова үйінің апатты жағдайда екенін айтып, көмек көрсетуін сұрады. Қала әкімі заңға сәйкес мемле­кеттік лицензиясы бар жобалау ұйымының техникалық қорытын­дысын және жергілікті уәкілетті ор­ганның анықтамасын ұсыну арқылы тұрғын үй кезегіне тұру қажетін айтты. Баспананың кезек бойынша берілетінін және жаңа пәтер алған жағдайда апатты деп танылған үйді коммуналдық меншікке өткізу қажет екенін атап өтті. Азаматтардың әрбір сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы тиісті басқарма басшыларына сол сәтте тапсырма беріп, мәселелердің заң шеңберінде шешімін табатынын жеткізді.  

А.ЖҰМАШ