Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Сыр өңірінде су мәселесі шешілмек

Өңірде шешімін кейінге қалдыруға болмайтын өзекті мәселелер бар. Оларды іске асыру орталық мемлекеттік органдардың көмегінсіз мүм­кін емес. Қауіпті вирусқа бай­ланысты әлем бойынша жа­рия­­ланған пандемия эко­но­микалық жағдайға біраз өз­геріс әкелді. Осындай ке­зең­де жаңа жобаларға қаржы бөлу де қисынсыз. Бүгінгі таң­да басты назар мен бар­лық күш-жігер эпидемиялық ахуалды оңалтуға бағытталып жатса да, өңірдегі маңызды жобалар естен шық­қан жоқ.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 5, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Kisilorda

Өткен ғасырдың 50-жылдары пайдалануға берілген Қызылорда су торабы соңғы жылдары апаттық жағдайда тұр,күрделі жөндеуді қа­жет етеді.Нысан бұзылса, онда өңірдегі 38 елді мекенді су ба­су қаупі бар. Сонымен бірге об­лыстың 3 ауданы, Қызылорда қа­­ла­сы аумағындағы 110 мың гек­тар суармалы, 250 мың гектар шабындық, жайылымдық жер су­­сыз қалады. Қауіп жыл өткен са­­­йын күшейе бермек.

Сәуір айында болған Үкімет отырысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова су торабын жаңғыр­ту жұмыстары тезірек басталмаса, қауіп күшейетінін айтқан еді.

– Жобаның құны – 3,2 млрд теңге. Бұл жөнінде мемлекеттік са­раптама бар. Енді жобаның жүзеге асырылу мерзімі 2 жыл болғандықтан, ол жол картасына кірмей қалды. Өйткені ауқымды жұмыс атқаруымыз керек. Сол себепті бірден 2 жылды қамтитын қомақты қаражат қарастыруымыз қажет. Сонымен қатар бұл жер­де маусымдық мәселе бар. Мы­са­лы, егін егу, егін жинау кезін­де жұмыс істей алмаймыз. Тек күз­де, егін біт­кеннен кейін бас­тауымызға бо­лады, – деген еді өңір басшысы. Міне, енді осындай табандылықтың нәтижесінде Қы­зыл­орда облысын дамыту бойынша 100 млрд теңге көлемінде экономикалық көмек жа­салатын болды.  Қызылорда облысын дамыту мәселелері жө­нін­дегі жұмыс тобы 79 жобаға қол­­­дау болатынын хабарлаған бо­латын.

Бұрынғы жемқордың жолы жабылады

Ұлттық компания басшылары жазаланады

Ауылға бөлінген 2 триллион теңге қайда кетті?

Осы қолдау аясында 2020-2022 жылдар ішінде облыста 80-ге жуық іс-шаралар жүзеге асырылмақ. Экономиканың дамуы және басқа да маңызды міндеттермен қатар халықты толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік болады. Тұрғын үй, су,  газ, жылу, электрмен жабдықтау және жол жөндеу секілді көптеген жоба іске асырылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту шараларының арасында облысты газдандыру мен көліктік инфрақұрылымын жетілдіру бар. Транспорттық ин­фра­құрылымды дамыту ая­сын­да 2022 жылға қарай жақ­сы және қа­нағаттанарлық жағдай­дағы ав­то­жолдардың санын 72 пайызға дейін жеткізу жоспар­ланып отыр. 2018 жылы бұл көр­сеткіш 63,5 пайыз болғанын атап өткен жөн.

Бүгінгі жағдай  халықтың әлеу­меттік осал топтарына жататын отбасыларына қатысты көптеген проблемаларды ашып көрсетті. Облыста 34,7 мың оқушыға  компьютер, ноутбук, планшет және модем секілді  компьютерлік техникалар сатып алу көзделіп отыр.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беруді және шағын несиелен­діруді арттыру жобасы облыста кәсіпкерліктің дамуына оң әсер берді. Егін шаруашылығы үшін суармалы алқаптардың маңызы ерекше. Мемлекет қолдау көрсетіп отырған жобалар қатарында «Кү­міскеткен» және «Қараөзек» су қой­маларын жаңғырту, сондай-ақ ирригациялық жүйелерді жетілдіру шаралары бар. Қыс мезгілінде тоғандарға жинап алынған су жаз айында егістікке жіберіледі. Ал «Көкарал» бөгетінде атқарылар жұмыс – балық шаруашылығымен айналысатындар үшін қуанышты жаңалық.  Ол экологтардың, сондай-ақ төтенше жағдай қыз­метіндегілер көңілінен шығатын шара екені де даусыз. Оларды іске асыру 8 мыңға тарта жұмыс орнын құ­руға, салық  базасын кеңейтуге және ең бастысы жалпы өңір­лік өнімнің 1 пайыздан астам өсуі­не мүмкіндік береді. Жалпы, Үкіметте мақұлданған жобалар өңір тарихындағы елеулі жаңа­лықтармен айшықталмақ. Мә­селен, ауданнан шалғай ор­на­ласқан Ақбасты, Тоқабай, Абай және Төретам, Жанқожа батыр, Майдакөл ауылдарын су­мен жабдықтауды жүзеге асыру халықтың тұрмыс-тіршілігін жаңа деңгейге көтеру деп білген жөн.

Қысқасы, облыста маңызды деген міндеттерге мықтап көңіл бөлініп отыр. Өңірді дамытуға ба­ғытталған жобалар тура­лы алдағы уақытта да оқырманға жеткізетін боламыз.

 

Миуа БАЙНАЗАР,
Қызылорда облысы

 

 

 
ID: 0
Тегтер: Қызылорда су торабымемлекеттік органсу мәселесіСыр өңірі
Алдыңғы жаңалық

Ресейге санкция қолданылуы мүмкін

Келесі жаңалық

Қатты жел 30-ға жуық үйдің шатырын жұлып әкетті

Ұқсас жаңалықтар

кинотеатр
Жаңалықтар

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 2021
жұмыртқа
Жаңалықтар

Жұмыртқа пісірудің ең дұрыс және зиян әдісі белгілі болды

Сәуір 18, 2021
коронавирус
COVID-19

Бір тәулікте 22 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Сәуір 18, 2021
коронавирус, ПТР
COVID-19

Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Сәуір 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 10:39

Жұмыртқа пісірудің ең дұрыс және зиян әдісі белгілі болды

Сәуір 18, 10:12

Бір тәулікте 22 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Сәуір 18, 09:52

Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Сәуір 18, 09:27

Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып кеткен

Сәуір 18, 00:24

Қарағандыда 274 киік мүйізі мен қаруы бар үш адам ұсталды

Сәуір 17, 23:28

Елордада Орталық Азиядағы ең ірі мешіттің құрылысы жүріп жатыр

Сәуір 17, 22:39
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

кинотеатр

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 2021
жұмыртқа

Жұмыртқа пісірудің ең дұрыс және зиян әдісі белгілі болды

Сәуір 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»