Полиция бөлімшесіне Екібастұз тұрғыны шағымданып келген. Айтуынша, оның банкоматқа салған ақшасын белгісіз біреу ұрлап кеткен.
Ол өзінің есепшотын толтыру үшін қала ішіндегі дүкеннің біріне барып, Kaspi банкоматына 550 мың теңге салған. Алайда ол операцияның толық аяқталуын күтпей, чегін алмастан кетіп қалған. Үйіне келіп есепшотын тексерсе, ақша түспеген. Тіпті ақшаның түскені жайлы хабарлама да келмеген. Содан келіншек полицияға келіп шағымданған.
Сөйтсе, банкомат ақшаны қабылдамай шығарып тастаған. Сол кезде оны банкоматта кезегі келген адам алып кеткен. Ол кісі 550 мың теңгені полиция бөлімшесіне әкеліп тапсырып, иесін табуын өтінген екен.