Өкінішке қарай, барлық құжатты ешкі жеп тастаған.
Жергілікті шерифтің көмекшісі қызметтік көлігінің есігін жаппай шығып кеткен. Сол кезде маңайда жүрген ешкі көлікке кіріп, қызметтік құжаттарды шайнап жатқан. Оны байқап қалған полиция қызметкері ешкіні қуып жібермекші болды. Алайда ешкі оны сүзіп жіберген.
Бұл жағдай Американың Джорджия штатындағы Дуглас аумағында болған.