Синоптиктердің болжауынша, 7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік және оңтүстіктен соққан циклондар әсер етеді.
Сондықтан кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады.
Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста күшті желмен шаңды дауыл соғады.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Ақмоланың кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады.
Алматы, күндіз Қарағанды облыстарында найзағай жарқылдап, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде минус 1-3 градус суық болып, үсік жүреді.
Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.