Қазақстанда әр аймақты айналдыра астанадағыдай ағаш отырғызатын болды
Қазақстанда әр аймақты айналдыра астанадағыдай ағаш отырғызатын болды
Фото: Интернеттен алынды
493
оқылды
Қазақстанда орман көлемі ұлғайтылады.
 «2030 жылға қарай елдегі орман үлесін қазіргі 4,7%-дан 5%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, 5 жыл ішінде орман қорында 2,0 млрд және елді мекендерде 15 млн түп ағаш отырғызылады» делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар елорданың айналасындағы жасыл белдеудің тәжірибесін бүкіл өңірлерге енгізуді көздеп отыр. Ал Астана орманы 2023 жылға қарай бүгінгі 87,8 мың гектардан 100 гектарға дейін ұлғаймақ.