Алматы тұрғыны қашықтан оқыту кезінде порнографиялық ролик қосылғанын айтып шағымданды. Бұл туралы Facebook-тегі "Дежурный по городу" тобында Татьяна Голубева есімді желі қолданушысы жазды.
"Білім және ғылым министрлігіне, санитарлық дәрігерлерге және қала басшылығына үндеу жолдаймын. Менің балам бесінші сыныпта оқиды. Қашықтан оқыту. Бейсенбіде біздің балаларымыз Zoom-да бейәдем сөздер естіді. Жұмада оларға порнографиялық видео көрсетілді. Бүгін бұл тағы қайталанды.
Біз ата-аналар бұндай видеолардан шошып болдық. Бұл балаларды аздыру. Бұған кім жауапты? Балаларымыздың негізгі заңымыз - Қазақстан Конституциясы кепілдік беретін білім алуға мектепке баруларына рұқсат беріңіздер", - деп жазды Татьяна Голубева.
Еске сала кетейік, бұған дейін елорда полициясы онлайн сабақ кезінде оқушыларға порнографиялық сипаттағы слайд қосқан ер адамды іздестіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.