Бас қаладағы бассыздық
Бас қаладағы бассыздық
189
оқылды
33 жастағы күзетші құры­лыс жүріп жатқан нысанға жұ­мысқа орналасады. Жұмыс орнында, қа­рауыл күркесінде отырғанда көше жақтан таңғы 5.30 шамасында белгісіз бір дыбыстар шығып жат­қанын естиді. Сөйтіп, мән-жайды анықтау үшін есікті аша бер­генде цементтің қабын басына кигізіп, ауыр затпен ұрып құлатқан. Кейін нысан­ның ішіне апарып, қол-аяғын матап тастайды. Қар­сылық таныта бергенде күзетшіні пышақ­тап, есінен танғанша арматурамен ұрған. Есін білмей, жерде жатқан қыз­меткерді таңертең жұмысқа келген құрылысшылар тауып ала­ды. По­лицияға шағым­данып, соның нәти­жесінде мәселенің мән-жайы бел­гілі болады. Анық­тал­ғандай, құры­лыс нысанынан мате­риал­дық құны бар бірнеше тауар ұрлан­ған. Со­нымен бірге күзет­шінің жалпы құны 2 млн теңге бола­тын жеке зат­тарын да қарақ­шылар ием­деніпті. Қауіпсіздік жүйесі, жарық, қор­шау — ештеңенің болма­ғаны ұрлық­шыларға тіпті жақ­сы болған. Десе де, жедел іздес­тіру шара­лары­мен айна­лысуға дереу кіріскен полиция қыз­мет­­керлері қарақ­шылық жаса­ған­дарды анықтапты. Қыл­мысқа 42 және 34 жастағы туған ағайынды азаматтар кінәлі болып шықты. Олардың бұған дейін де бірнеше рет сотталғаны да белгілі болып отыр. Күзет­шінің есін тандырып, тауар­ларды алып шық­қан соң зат­тарды Қосшыға тасып үлгерген. Жоспарлары бойынша, сол жерде өткізбек болыпты. Қылмыс болған соң бірнеше сағаттан кейін-ақ ұсталыпты. Қазіргі таңда заттай айғақтар тәркіленіп, күдіктілер изо­ляторға қамалған. Қылмыстық кодекстің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Бүгінде тергеу басталып кеткен.