Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді, осыған байланысты күн райы ашық болады.
Еліміздің солтүстік, шығыс және орталығында атмосфералық ағынның өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады.
Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Түркістан, Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Павлодар, Ақмола, Жамбыл, түнде Солтүстіқ Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.