Орны бөлек онлайн-петиция
Орны бөлек онлайн-петиция
© коллаж: Рауғаш Омарова
268
оқылды
 

Онлайн-петиция туралы ой

Жалпы, бұл мәселе біраздан бері көтеріліп жүр. Осыдан төрт жыл бұрын «Қазақстан 2050» қоз­ғалысының сол кездегі төрағасы Данат Жумин осындай бастама көтерген. Жиналуы тиіс шекке жеткен жағдайда заңды күшке ие болып, эксперттік орган не Пар­ла­ментте қаралса деген ұсыныс бол­ған. 2016 жылы бұл бастама аяқсыз қалып, қолдау таппаған еді. Бірақ биыл белсенді түрде талқы­лана бас­тады. Тіпті онлайн-петицияға ар­нал­ған otinish.kz платформасы құрыл­ды. Бұл порталды Тalap қол­данбалы зерттеулер орта­лығының басшысы Рақым Ошақ­баев ұсын­ған. «Қазақ­стандықтар түрлі ше­телдік сайт­тарда Көк-Жайлау, Іле Алатауы ұлттық пар­кіне қа­тысты онлайн-пети­ция­ларға қол қойып жатыр. 100 мың қол жинады делік. Одан кейін не болады? Президент ше­ші­міне сәйкес, онлайн-пети­циялар инс­ти­туын заңды түрде рәсімдеп, оған құқықтық статус беру керек. Біздің орталық otinish.kz қанат­қақты жобасын әзірледі» деген бо­латын. Сайтқа кіріп көрсек, бүгінде ша­ғын және орта бизнес өкілдері Президентке несиелер бойынша сыйақы мөл­шерлемесін төмен­детуге сеп­тігін тигізуін сұ­рап­ты. Астына 1 225 адам қол қойыпты. Одан бөлек, штаттық оқуға қайта оралуды, БҚО-да электр энер­гиясы тари­фін өсір­меу­ді, Алматы көше­леріндегі шуды азайтудың ше­шімін табуды сұраған пети­циялар жарық көр­ген. «Соңғы жылдары еліміздің сая­­си қатысуының мотиві мен фор­масында өзгерістер байқалып жа­тыр. Екіншіден, пандемиядан кейін цифрлық технологияларды ен­гізудің маңызы білінді. Соның ішінде саясатқа араласуға қа­тыс­ты. Үшіншіден, саяси рефор­малар мен «еститін мемлекет» концеп­циясы қоғам мен мемлекет бай­ланысы фо­р­­маларының үнемі жаңарып отыруын талап етеді», – дейді Пре­зидент жанындағы ҚСЗИ аға ғы­лыми қызметкері Жанар Сан­хаева. Онлайн-петициялардың бі­рың­ғай порталы қалай жұмыс іс­теуі керек? Бәріне қолжетімді, ел­ді түгел қамтитын, түсінікті бо­­­­ла­тын сервис түйткілді мәселені ше­ше ала ма? B2C consulting group басқарушы серіктесі Алек­сандр Даниловтың осыған дейін бірне­ше петиция ұйым­дастырған тәжіри­бесі бар. Ол дауыс беру үшін ұялы телефонға келетін хабарламаны қолдануды ұсынып отыр. «Бұрын бір сұхба­тымда ЭЦҚ-ны қол­данған жөн дегем. Бірақ олай болса, көбі­не қала тұр­ғындарына арналған құрал боп кетеді. Сондықтан меніңше, eGov-та тіркелген ұялы телефон нөмірі арқылы қол қойған дұрыс сияқты. Сонымен бірге жасанды дауыс жинаудың алдын алу керек. Себебі кейбір мемлекеттік, жеке институттар боттардың қызметіне жүгінеді деген күдік бар. Онлайн-пети­циялар елдің қоғамдық өмі­рінің маңызды бөлігіне айналып, билік қоғамдағы түйт­кілді мәсе­лелер­ден басын алып қаша ал­май­тын болады деп үміт­тенемін. Тағы бір айтқым келетіні, құрал­дың қалай жұмыс істейтінін, пети­­циялардың тереңнен қозғап, популистік сипат ал­мауы бізге, Қазақстан азамат­тарына ғана байланысты».

  Өзгеріске жол ашқан өтініштер

Елдің ертеңі мен бүгініне, ха­лықтың жай-күйіне, қоршаған ортаға бейжай қарамайтын аза­маттар түйткілді шешу үшін пети­ция ұйымдастырады. Ондағы мақ­сат сол – билікке үнін жеткізу. Әлем­нің көптеген елінде петиция қуатты құралға айналған. Сол арқылы азаматтар өзін мемлекетті басқаруға қатысып жатқанын сезі­не алса, үкімет елдегі мәселеге үңіліп, оң шешім табады. Былай қарасаңыз, екі ортада көпір орна­татын жақсы әдіс. Сөзіміздің дәле­лі ретінде петицияның арқасында өзгеріс болған жайттарды тізіп көрелік. Бүгінде ең танымал плат­фор­ма – change.org. 2007 жылы құ­рылған порталға 2018 жылғы де­рек бойынша, 266 млн адам тіркелген. Байкал итбалығын бра­ко­ньер­лерден қорғауға қатыс­ты ұйымдас­тырылған пети­­­цияны 375 мыңға жуық адам қолдаған. Соның нәти­жесінде «фотоау­лауды» қалдырып, заңсыз аулауға тыйым салынған. Испанияда 100 мың адам қол қойып, жұмыртқа сапасын жақ­сартуға үлес қосқан. Жұмыртқа басатын тауықтарды бір-бірінің үстіне қойылған тап-тар торда ұстағанның кесірінен өнім сапасы нашарлады деп тұр­ғындар нара­зылық білдірген. Осы­­­лайша, өн­діруші тауықтардың жай-күйін жақсартқан. onlain petition1 Сайтта 38 мың адам қол қой­ғаннан кейін Индонезия үкіметі пластик қалдықтарын азайту ша­ра­ларын күшейткен. Петиция ұйымдастырушылары бір реттік пакеттер үшін ақы алу керек деп ұсынған. Косметиканы алдымен жануарларға сынап көруді тоқтат­қан жапондық өндірушіні де айтып өту керек. 21 адам қарсы шық­қанын көріп, елдегі заң бойынша тыйым салынбаса да, тестілеуді алып тастаған.  

Өзге елдердегі ереже қандай?

Ал әр елдегі ережелерге кел­сек, АҚШ-та арнайы құрылған сайт бар. Ол жерде, тіпті прези­дентке тікелей хат жазуға болады. Егер екі ай ішінде 100 мың адам қол қойса, ол мәселе қараусыз қалмайды. Тек амери­калықтар емес, әлемнің кез келген елінің тұрғыны қатыса алады. Бастысы, сайтқа тіркелуі міндетті. 50 мың­нан астам адам қол қойса, пети­ция­лық комиссияның қа­рауына жіберіледі. Оған пети­ция ұйым­дастырушылары да қатыс­тыры­лады. Германиядағы жүйе де осы­ған ұқсас. Бундестагтың на­зарын аудару үшін қол қой­ған­дардың саны көп болуы керек. Әдетте, 50 мың қолдан асқанда ко­миссия қарайды. Ресейге келсек, петицияны қа­растыруды жеті жыл бұрын қолға алды. Мемлекеттік Думада қаралуы үшін 100 мың адам қол қоюы тиіс. Азаматтар иден­тифи­кациясы жа­са­латын мемле­кеттік жүйе арқылы тіркелу қа­жет. Кез келген баста­маны бұл жерде бі­рін­ші эксперттік жұмыс топ­тары қарайды. Бірақ жұмысы алдыңғы елдердегідей же­місті жүріп жа­тыр деуге келмейді. «Ресейлік қоғам­дық бастама» мем­лекеттік порта­лы (www.roi.ru) ар­қылы жеті жыл­да ме­же­ге жетіп, 100 мың қол жина­ған 19 петиция ғана белгілі. Оның 17-сін кері қайтарған. Ол мәсе­лелердің ішінде интернетті бұғат­тау, зейнет жасын көбейту туралы заңдарды алып тастау ту­ралы ұсы­ныстар болған. Өкі­ніштісі, мақұл­данбады. Сая­сатқа қатысы жоқ бастамалар кө­рер көз, айтар сөз үшін қабылданған ба дерсің.  

Қазақстандағы қарқыны қатты петициялар

Жалпы, осы күнге дейін жа­рия­ланған петициялардың ішін­де жануарларды қорлауға қарсы (45 мың), Алматыдағы жануарлар бағын жабу туралы (37,5 мың) бас­тамалар біршама резонанс ту­дырған. Одан бөлек, Конс­титу­циядағы 7-баптың 2-тармағын алып тастап, мемлекеттік тіл тура­лы заң қабыл­дауға қатысты пе­тицияға 123 мыңнан астам аза­мат қол қойған. Бірақ бұл плат­фор­маларға қатысты сын көп. Өйт­кені бұл жерлерде жеке мәлі­меттердің рас-өтірігін анықтау қиын. Дауыс беру үшін элек­тронды пошта не аты-жөніңізді жазу ғана жеткілікті. Яғни, бір адам бірнеше поштамен тіркеліп, қол қоя береді. Сонымен бірге еш заңдық күші де жоқ. Сәуірдің аяғында үлкен дау тудырған мәселе вакцинаны мін­деттеу болған. CitizenGo плат­фор­масында жарияланған петиция бұрын-соңды болмаған көрсеткіш көрсетіп, кампания жүрген 2 ай уақытта 170 мыңнан астам қол жи­­на­ды. Мұндай «рекордқа» сен­бей, дауысты қолдан көбейтті ме екен деген күдік те болды. Деген­мен сайттың орыс тіліндегі нұс­қасында осы тақырыптағы кемі төрт ресей­лік петиция ұйым­дасты­рылған. Оларда тіпті жарты мил­лион қол жиналған. Соған қара­ғанда үндес­тердің белсен­ділігінің арқа­сында алысқа шап­қан сыңайлы. Біздегі үлкен мәселе сол – бұ­ғаттау. Басты халықаралық алаң саналатын change.org және avaaz.org көбіне ашылмай қалады. Яғни, елдегі интернет-цензу­ра­ның кесі­рінен онлайн-пети­ция­лардың анау айтқандай күші бол­май, тордағы тотықұстың кей­пінде қалып отыр. Мысалы, тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуге тұруды міндеттеу туралы ұсыныс айтылғанда, халық өре түрегеліп қарсы шықты. Қол жи­на­ды. Небәрі 4 күн ішінде Avaaz.org сайтына орналас­тырылған петиция 7,5 мың қол иесін бірік­тірген. Артынша бұғатталды да қалды. Ал жаңа платформаның жұ­мысы қанша­лықты жемісті бола­рын алда білеміз.  

Жадыра АҚҚАЙЫР