Өлгенге – өтем, өлшемі – бөтен
Өлгенге – өтем, өлшемі – бөтен
© коллаж: Рауғаш Омарова
333
оқылды
Мамыр айында министрліктің сол кездегі ресми өкілі Диас Ах­метшәріп медицина қызмет­кер­лерінен арыз-шағым көбейіп кет­кенін, соған байланысты ми­нистр Елжан Біртановтың бұй­рығына сай әр қалада арнайы комиссия құры­латынын айтқан еді. Ол комис­сияның құрамына әкімдік, жер­гілікті денсаулық сақ­тау басқар­масы өкілдері, ай­мақ­тық тауарлар мен көрсе­тілетін қыз­меттердің са­па­сы мен қауіп­сіздігін бақы­лайтын депар­тамент өкілдері, «Nur Otan» пар­тия­сы өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, дәрігерлер құқығын қорғайтын ұйымдар, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері енген. Одан бері де төрт ай өтті. Министр өзгерді. Ал өтемақы беру талабы өз­герді ме?  

Неге тек 9 отбасы өтемақы алды?

Қазақстанда коронавирус ин­фек­циясынан 174 медицина қыз­меткері (оның ішінде 98 дәрігер, 40 медицина қызметкері, 14 сани­тар, 8 жәдел жәрдем жүргізу­шісі, 14 бас­қа да мамандар) қайтыс бол­ды. Өкінішке қарай, оның 9-на ғана өтемақы төленген. Неге? Партиялық бақылау коми­те­тінің төрағасы Павел Казанцев: «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұй­рығы 9 сәуірде қабылданып қой­ғанына қарамастан, өтемақы төлеу жөнін­дегі өңірлік комис­сиялардың ал­ғашқы отырыстары тек тамыз айында өтті. Медицина қызмет­керлерінің індет жұқ­ты­руының ал­ғашқы жағдай­лары нау­рыз айын­­­­­­­да орын алған болса, бұл мә­се­лені осынша созбалаңға салудың себебі неде?! Аймақтық партиялық ба­қылау комиссиялары бюрок­ратия мен сөзбұйдаға салу факті­лерін қарап, кінәлі партия мүше­лерін ең қатаң жауапкершілік шараларына тартуы керек» деген еді. Ең жауапты кезеңде дәрігерлер аттан түскен жоқ. Күн-түн демей ауруханада жүрді. Жедел жәрдем қызметкерлері де індет жұқтырған науқастарды жеткізу үшін дамыл көрген жоқ. Сын са­ғат­тарда олар тіпті өздерінің қауіп­­­сіз­дігін ойлаған жоқ. 8 бірдей же­дел жәрдем жүр­гізушісінің көз жұ­­муы – осының нақты дәлелі емес пе? Алайда жедел қызмет көр­сетіп жүріп, өз өмірімен қош­тасқан жан­дарға өтемақы төлен­беуінің се­бебі неде? «Ұлттық ғылыми меди­ци­налық орталық» АҚ басқарма төрағасы, белгілі пульмонолог Абай Бай­генжин де қосымша төлемдердің уақтылы беріл­ме­генін айтып отыр. Орта­лықтың 2 ай бойы жұқ­палы аурулар кли­никасы ре­тінде жұмыс істе­генін, тәулік бойы нау­қастар қа­был­­дағанын, ал қосымша жұмыс үшін Денсаулық сақтау министр­лігінен үстемеақы түспе­генін айтады. Ол: «Тәжіри­бемізді ес­керіп, бізге ең ауыр науқастар жет­кізілді. Біздің дәрі­герлер, мед­бикелер, санитар­лар тәулік бойы жұмыс істеді, өйткені науқастарды емдеу керек. Жұмыс ставкасы ту­ралы ойлаған жоқпыз. Ұлттық орталық болған­дықтан, бізде қар­жылық ре­сурс­тар бар, мен шы­ғындарды орта­лық есебінен жап­тым. Ал бұл ақшаны қайтару үшін Денсаулық сақтау министр­лігіне жүгінгені­мізде: «бұл сіз­­дердің шығын­дарыңыз, біз оны қай­тар­маймыз» деді. Өңірлердегі әріп­тестерімнің жағдайы қан­ша­лықты қиын бол­ғанын жақсы тү­сінемін. Олар­дың жағдайы бізден он есе ауыр. Үстемеақы төлеу сонша­лықты қиын ба?» деп отыр.  

Комиссия неге кеш шешім шығарды?

Коронавирустан емес, пнев­мо­­ниядан қайтыс болғаны үшін өте­мақыға ілікпей ме? Көпшілікті алаңдататыны да осы сауал. Одан бөлек, өңірлерде комиссия бұл мә­селені тамыз айында ғана қа­раған. Мәселен, Атырауда комис­сияның алғашқы отырысы 6 та­мызда өткен екен. Комиссия ше­­ші­­м­і бойынша, 101 медицина қызметкеріне өте­мақы беріл­мейтін болыпты. Себебі олар ін­дет­ті жұмыс кезінде жұқ­тырмаған. Ал 13 тамызда өткен комиссияның екін­ші отырысында 121 медицина қыз­меткеріне өте­мақы төленетін бо­лып шешілген. 150 медицина қызметкерінің өті­ніші кері қай­тарылған. Олардың ара­сында қай­­­тыс болғаны – біреу. Ал Қара­ғанды облысында инфек­ция жұқ­тыр­ғандар саны – 1 300. Оның ішінде 593 медицина қыз­меткеріне эпи­демиялық тек­серіс жүр­гізіл­ген. Комис­сия 383 меди­цина қыз­меткерінің жұмыста жү­­ріп, вирус жұқтырғанын анық­та­­ған. 16 адам қайтыс болған. Эпи­демияға қарсы іс-шаралар кезінде қайтыс болған 5 адамның ісін комиссия тексеріп, екеуіне 10 млн теңге көле­мінде өтемақы берілу қа­жет екені айты­лып, құжаттары ұсынылған. Нұр-Сұлтан қаласында 14 та­мызға дейінгі дерек бойынша, нау­қастанған дәрігерлер саны – 2 255. Оның ішінде пневмония жұқ­тырғандары – 143, ал коро­навирус жұқтырғандар – 2 112. Ал Алматы қаласында соңғы 5 ай ішінде 27 256 медицина қыз­меткеріне үстемеақы төленген. Қа­зір вирус жұқтырған дәрігерлер саны – 1 101 адам, үшеуі – қайтыс болған. 571 адам өтініш берген. Әзір­ге комиссия олардың 97-сіне өтемақы беру туралы шешім шы­ғарыпты. Ең қызығы, комиссия шешімі туралы деректер БАҚ беттерінде, әлеуметтік желіде көп айтыла қой­ған жоқ. Министрлікте 9 сәуір­де комис­­сия құрылатыны туралы бұй­рық шық­­қанымен, комис­сия­ның алғаш­қы отырысы тамыз айын­­да ғана өтті. Дәрі­герлерді ма­залайтын тағы бір сауал: меди­цина қызметкері вирусты қайта жұқтырған кезде оған өте­мақы беріле ме, жоқ па? Оның да жауабы белгісіз. Партиялық бақылау комите­тінде өткен жиынның басты тақы­рыбы өтемақы мәселесіне арнал­ғаны бел­гілі. Жиында партия­лықтар ДСМ жа­­нындағы «Респуб­ликалық элек­трондық денсаулық сақтау орта­лығы» ШЖҚ РМК қыз­­­метіне жеке тоқталды. Парт­ба­қ­ылау коми­­тетінің мәліметі бойын­­ша, Mapcovid жүйесін Еңбек министр­лігінің Ақ­параттық жүйе­­­сі­мен интегра­ция­лану проце­сіне байла­нысты қа­те­ліктер орын алып отыр. Жүйе ста­ционарда емделме­ген, бірақ ам­була­то­р­лық ем қа­былдаған ме­дицина қыз­мет­кер­лері­нің құ­жат­тарын қа­был­­да­май­тынын (жүйе «Диаг­ноз табыл­­­­­мады» деген қате табады) айт­­­қан болатын. Бұл да дәрігер­лердің бас ауруына айналды. Ал Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау мен Денсаулық сақ­тау ми­нистрлігі өкілдері өте­мақы төлеу мәселесі 14 қыркүйекке де­­йін ше­ші­мін табады деп отыр. Әзір­­ге екі вице-министрді де сөгіс түріндегі партия­­лық жауап­кер­шілікке тарту ұсы­­ныл­ды. Ал министрлікке өтемақы мә­селесіне қатысты жолдаған сауа­лы­мызға:«Жергілікті атқарушы ор­ган­­дардың комиссиялары коро­навирус инфекциясы мен вирустық пневмонияны жұқтырғандарға МӘСҚ-ға (ГФСС) төлеу үшін барлығы 3 188 өтініш берді, оның ішінде 1 024 медицина қызмет­керіне 2 млн теңгеден төленді. Қайтыс болған және вирус жұқ­тырған медицина қызмет­кер­лері үшін Әлеуметтік сақтан­дыру қо­ры­нан төлем жасауға 76-сына жі­берілді, оның ішінде қайтыс болған меди­цина қызмет­керле­рінің 5 от­басына 10 миллион төлем төлен­ді», – деген жауап алдық.   

ГулзиГүлзина БЕКТАС