Қонақ боп келген ұрылар үй иесінің кір жуғыш машинасын ұрлап кетті
Қонақ боп келген ұрылар үй иесінің кір жуғыш машинасын ұрлап кетті
© сурет интернеттен алынды
329
оқылды
Қарағанды облысында қонақ боп келген ұрылар үй иесінің кір жуғыш машинасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 7 қыркүйек күні Қаражал қалалық полиция бөліміне 44 жастағы азамат хабарласқан. Азамат бірер күн бұрын үйінде қонақ болғанын айтқан. Үйге қонақ келген соң олар есіктерін жаппаған. Алайда, қонақ кеткеннен кейін ол өзінің құны 40 мың теңге тұратын тұрмыстық техникасын белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 40- 42 жастағы екі адам ұсталды. Белгілі болғандай, оңай олжа таппақ болғандар жәбірленушінің үйіне келіп жатқан қонақтармен бірге кіріп, үй иелері қонақ күтіп абыр-сабыр боп жатқанда қолдарына іліккен тұрмыстық техниканы алып, оқиға орынынан тайып тұрған. Ұрылар қолды қылған затын арзан бағаға сатып жібермек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында ол ойлары жүзеге аспады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.