Қазақстандықтардың салық бойынша 64 миллион теңгеден астам өсімпұлы есептен шығарылды
Қазақстандықтардың салық бойынша 64 миллион теңгеден астам өсімпұлы есептен шығарылды
187
оқылды
7 қыркүйектегі ахуал бойынша салықтық рақымшылық мүмкіндіктерін 31 338 азамат пайдаланып үлгерген. Олар 295,3 млн теңге салық төлеп, 64,1 млн өсімпұл есептен шығарылды. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ең белсенді өңір рейтингінде Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап отыр. Салықтық рақымшылықты 10 мыңнан астам елордалық пайдаланып үлгерген. Ал төленген берешек сомасы бойынша Алматы қаласы бірінші орында. Оңтүстік мегаполис тұрғындары 75,6 млн теңге салық төледі. Бұл көрсеткіш бойынша алғаш үштікте Түркістан обл. (35,1 млн.) және Алматы обл. (34,2 млн.) Есептен шығарылған өсімпұл көрсеткішінде Алматы қаласы алда. Қала бойынша  бұл сома 18,4 млн теңгеге жеткен. Жойылған өсімпұл көлемі 17,7 млн теңгені құрап отырған Нұр-Сұлтан қаласы екінші орында. Ал Маңғыстау облысында 4,5 млн теңге өсімпұл есептен шығарылған. Сонымен қатар Қостанай облысының тұрғыны көлік салығы бойынша 1,4 млн теңге көлемінде негізгі берешек сомасын өтеп, 1,07 млн теңге көлеміндегі өсімпұл есептен шығарылды. Мүлік салығы бойынша жинақталған 1,2 млн теңге берешекті Алматы қаласының тұрғыны өтеген. Есептен шығарылған өсімпұл – 429 мың теңге. Ақтөбе облысында жер салығы бойынша берешегі бар азамат 51 мың теңге салық төлеп, 43 мың теңге өсімпұлдан босатылды.