Ақмола облысында зейнеткерді маскүнем немересі ұрып өлтірді
Ақмола облысында зейнеткерді маскүнем немересі ұрып өлтірді
© сурет интернеттен алынды
323
оқылды
Ақмола облысында әжесін өлтірді деген күдікпен 27 жастағы немересі ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі. 7 қыркүйекте Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Нұресіл ауылының 27 жастағы тұрғыны хабарласып, өз үйінде 87 жастағы әжесінің денесін тауып алғанын айтқан. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері кейуананың ұзақ уақыт ішімдікке салынған немересімен тұрғанын анықтады. Сот-медициналық сараптама қарияның ауыр дене жарақатынан көз жұмғанын көрсетті.
«Қылмысты ашу үшін тәжірибелі қызметкерлерден жасақталған арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу амалдары барысында арыз берген адам әйелді өзі өлтіргені анықталды. Осыған байланысты кейуананың 27 жастағы немересі ұсталды. Ол бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жазаға тартылған», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.