Атап айтқанда, салық төлеушілер сатылған автокөлік үшін салық есептелсе немесе көлік құралының дұрыс емес сипаттамаларына байланысты салық дұрыс есептелмеген (қозғалтқыштың дұрыс емес көлемі, көлік құралының дұрыс санаты және тағы басқасы көрсетілген) жағдайда, салық төлеушілер деректерді үйден шықпай-ақ түзете алады.
Осыған дейін кездескен мәселелерді жедел шешу және қате ақпаратты түзету үшін «Түзету қызметі» фунциясы іске қосылды. Ол онлайн режимде түзетуге, оның ішінде көлік құралының сипаттамаларын өзгертуге, көлік құралының иесі ауысқан жағдайда дерекқордан шығаруға және тағы басқа өтініш беруге мүмкіндік бар.
Бұл қызметті Е-Salyq мобильді қосымшасының «Салық әмияны» арқылы пайдалануға болады. Оны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. Интерфейсте сату туралы құжаттарды немесе автомобильдің дұрыс деректерін қосу жеткілікті. Бірнеше күн ішінде ақпарат нақтыланып, тексеріледі.
Сондай-ақ Е-Salyq мобильді қосымшасында жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді де анықтай алады.
Төлеуге жататын көлік салығы сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталы, еGov электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының аудандық басқармаларында білуге болады. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешектің бар сомасы туралы мәліметтерді ұсыну мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы борышкерлердің мекенжайына хабарлама жіберу де жоспарда бар.
Банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға көлік салығы бойынша берешек сомалары туралы хабарлама жіберіледі. Толық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефон нөміріне тегін қоңырау шалуына болады.