Атырау облысының Қызылқоға ауданы полицейлері 80-нен асқан әжені үйіне келіп тонап кеткен күдіктіні ұстады.Бұл оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 31 тамыз күні сағат 22:50 шамасында болған.
Үйдің есігі ашық тұрғанын пайдаланып, белгісіз ер адам заңсыз үйге кірген. Бұл уақытта үйде қарт әжеден басқа тірі жан болмаған.
– Қылмыскер оң қолымен әжемнің аузын жауып, сол қолымен құлағынан алтын сырғаларды алып кеткен. Әжем бұл оқиғадан осы күнге дейін есін жияр емес, шошып кетті. Оқиға туралы дереу полицияға хабарластық, – дейді жәбірленушінің немересі. Жедел іздестіру шаралары барысында аудан полицейлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, тапты.
Тергеп-тексеру ҚР ҚК 191-бабының 3 бөлігі «Үй-жайға заңсыз кіруімен жасалған тонау» бойынша жүргізілуде.
Жәбірленуші әжей тонаушыны ұстаған тәртіп сақшыларына алғысын айтып, оларға жемісті жұмыс тіледі.
https://youtu.be/WfBZmtpdROc