Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Қызылорда облысы
10 қыркүйекте түнде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы
10 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ.: 10 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең 10 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1-3 үсік күтіледі.
Жамбыл облысы
11, 12 қыркүйекте Жамбыл облысында тауда найзағай күтіледі. 10-12 қыркүйекте кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 15-20 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан қ: 10 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Ақмола облысы
Түнде 10 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: 10 қыркүйек түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз екпіні 18 м/с.
Қарағанды облысы
Күндіз 10, тәулік бойы 11 қыркүйекте Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 күтіледі. Түнде 11 қыркүйекте кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.