Шығыс Қазақстан облысында қар жауды
Шығыс Қазақстан облысында қар жауды
243
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 8 қыркүйекке қараған түні қар жауды, - деп хабарлайды YK-news.kz.  Басылым мәліметінше, түнде аймақта ауа температурасы екі градусқа дейін төмендеген. Ал тау маңында қар жауған.
Портал былтыр да Риддерде қыркүйек басында қар жауғанын еске салды.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, аяз жақын арада басылады. 11 және 12 қыркүйекте таңертең күн минус бір градусқа дейін аяз болады деп күтіледі. Содан кейін күн жылиды - синоптиктер осы жексенбіде күн 20 градус ыстық болады деп болжайды.