Қашықтан оқу: Аймағамбетов үй тапсырмасына қатысты ойын айтты
Қашықтан оқу: Аймағамбетов үй тапсырмасына қатысты ойын айтты
© сурет интернеттен алынды
5,271
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқу кезінде оқушыларға үйде отырып оқыған дүниені үйге тапсырма ретінде беретінін айтты.  Министрдің айтуынша, оқушыға жүктемені көбейтпеу мақсатында үй тапсырмасы берілмейді.
«Балаларға жүктемені көбейтпеуді жөн көрдік. Басқа елдердің тәжірибесін зерделедік, оларда осындай машық бар. Соларға сүйеніп,  әдістемелік ұсыным жасадық. Бұдан былай оқу және үй тапсырмасы деп бөлінбейді. Тек оқу тапсырмасы ғана болады. Оқушыға үйде отырып оқыған дүниені үйге тапсырма ретінде береді. Тапсырма көлемі біз ұсынған шектен аспауы тиіс», - деді Асхат Аймағамбетов.