«7 қыркүйек күні сағат 22:15 шамасында Алматы облысы Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Көксу АПБ жедел уәкілдерімен бірлесіп өткізген арнайы операция барысында Алматы – Өскемен автожолының 241 шақырымында Талдықорған қаласының 53 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Қызметтік иттер автокөлікті тексеру кезінде артқы жолаушылар есіктерінің қаптамасынан өсімдік тектес зат салынған ораманы тапты. Одан бөлек, тәртіп сақшылары күдікті азаматтың қалтасынан куәгерлердің қатысуымен тағы соған ұқсас зат алынды», - делінген хабарламада.
Облыстық ПД-ның хабарлауынша, сараптама қорытындысына сәйкес, салмағы 5 келі 948 грамм шығатын тәркіленген зат гашиш есірткісі болып шыққан.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлімі (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тергелуде.