Қарағандыда 15 жастағы жас ана жаңа туған нәрестесімен бірге жоғалып кетті. Ол сәбиімен "Ана үйінен" шыққан соң із-түзсіз жоғалған, - деп жазады ekaraganda.kz.
Қыздың анасының айтуынша, қызы баланың әкесімен бірге болуы әбден мүмкін. Сәбидің әкесі 27 жаста және ол іздеуде жүр. Тергеу мәліметі бойынша жас ана жігітпен бірге кеткен. Қазір оны полицейлер мен еріктілер іздестіруде.
"Қарағанды еріктілері" қоғамының жетекшісі Ирина Бозарковскаяның айтынша, соңғы рет кәмелет жасына толмаған жас ана мен баланы Осакаровка ауылында көргендер бар. Одан кейінгі жағдай белгісіз.