Батыс пен оңтүстікте атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.
Батыста найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады.
Кейбір аймақта тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Жамбыл, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екіпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Атырау облысының кей аймағында және Түркістан облысында төтенше өрт қаупі әлі де сақталады.