Бүгінге дейін 1,4 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус және пневмонияға шалдыққанына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды.
COVID-19-бен күресте еңбек еткен 1 429 медицина қызметкері МӘСҚ-тан біржолғы әлеуметтік төлемді алды.
Аталған қордан аурудан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударды.
11 қыркүйекте COVID-19, пневмонияға шалдыққан – 1 429, қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына өтемақы берілді.
Ең көп ауруға шалдыққан Нұр-Сұлтан (260), Алматы қаласы (191), Алматы облысы (119), Қарағанды (110), Ақмола облысының (110) медицина қызметкерлеріне төлемдер берілген.
Ескерте кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына биыл 22 шілдеде өзгерістер енгізілді.