Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов демалыс күндергі карантиндік шектеулер қашан алынатынын айтты.
«Демаалыс күндері карантиннің сақталуы қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты болып отыр. Қазір ауруханаларда 4 600 адам емделуде. Егер науқастар саны азайса, сенбі-жексенбідегі шектеулер алынады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Еске сала кетейік, бұған дейін ресми өкіл Қазақстанда қандай жағдайда қатаң карантин енгізілетінін айтқан болатын.