Әкімдердің азаматтарды қабылдауының жаңа ережесі бекітілді
Әкімдердің азаматтарды қабылдауының жаңа ережесі бекітілді
© сурет интернеттен алынды
202
оқылды
Үкіметтің қаулысымен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті бекітілді.  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Мыналар: осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент); осы қаулыға 2-қосымшаға  сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде: Үлгілік регламентке сәйкес әкімдер аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін әзірлесін және бекітсін; әкімдер аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы ережелерін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгілік ережеге сәйкес келтірсін; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.