Нұр-Сұлтанда екі оқушыны көлік қағып кетті, - деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаментінің өкілдерінің айтуынша, бүгін, 11 қыркүйекте сағат 10:00-де Kia маркалы көлігін айдап келе жатқан 1947 жылғы көлік жүргізушісі Бурабай көшесімен артқа қарай жүріп, кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға кезінде әйел адам 2019 жылғы және 2012 жылғы балаларымен тротуардан өтіп бара жатқан.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде кәмелетке толмаған екі қыз дене жарақаттарын алған. Әйел адам зардап шекпеді.
7 жасар бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді, 2019 жылғы бала алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерден жолдарда барынша сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Әсіресе жалпы білім беру мекемелерінің аймағында.